Хасан Насролла Мосулды азат етудегі Иран мен аятолла Систанидың рөлін қуаттады
Ливан Хизболласының Бас хатшысы Мосулдың азат етілуін үлкен жеңіс деп бағалап: «Ирак шиіттерінің жетекшісі аятолла Систани мен Иранның бұл жеңістегі рөлі теңдессіз»,- деп қуаттады.
Сейед Хасан Насролла Ирактың солтүстігіндегі Нейнава облысының орталығы Мосулдың азат етілуіне орай сейсенбі күні сөйлеген сөзінде бұл елдің діни жетекшісінің ДАИШ лаңкестік тобына қарсы күрес туралы пәтуасының лаңкестерге қарсы күрестегі Ирактың үлкен жеңістерінің бастамасы болғанын айтып: «Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи басқарған ИИР-ның ДАИШ-ке қарсы ұстанымдары да бұл жеңіске маңызды әсер етті.
Барлық мемлекеттер Ирактың тәжірибесінен сабақ алып, ирактықтар сынды тағдырларын өз қолдарына алуы керек. Америкалықтар Ирак халқының ДАИШ лаңкестік тобымен күресінде тек көрермен болды»,- деді.
Ливан Хизболласының Бас хатшысы америкалықтардың әрқашан ДАИШ-тың жойылуы 10-30 жылды қажет етеді деп сендіргісі келгеніне тоқталып: «Вашингтон ДАИШ-ты аймақтағы өзі мен Израильдің мүдделерін алға ілгерілету үшін пайдалануда»,- деді.