Палестиналық мұсылмандардың алдынан әл-Ақса мешітінің есіктерін жабу адам құқығына қайшы әрекет
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы сионистік режимнің палестиналық мұсылмандарды әл-Ақса мешітіне кіргізбеуін айыптады.
Бахрам Ғасеми сенбі күні кешке сионистік режимнің палестиналық мұсылмандардың алдынан әл-Ақса мешітінің есіктерін жабуын адам құқығының негіздеріне қайшы айыпталатын әрекет деп атады.
Құдсты басып алған режимнің әскерилері жұма күні палестиналықтарға қарсы жауластық әрекеттерін жалғастырып, әл-Ақса мешітін жауып, жұма намазын өткізуге кедергі жасады.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Құдсты басып алған режим барлық қылмыстары, басқыншылықтары мен палестиналықтардың негізгі құқықтарын бұзумен қатар осы жолы бір қауіпті іс бастап, палестиналық мұсылмандардың діни бостандығы мен құқықтарын нысанаға алды. Мұның қатерлі салдары болады»,-деді.
Ғасеми халықаралық қауымдастық пен әлемнің барлық азат елдерінің мұсылмандары үшін әл-Ақса мешітінің тез арада ашылуы қажеттігін айтып, Палестина халқының минималды құқықтарын сақтау үшін Құдсты басып алған режимге қысым жасауды талап етті.