АҚШ лаңкестікпен күрес сылтауымен ислам әлемін жаулап алуды көздейді
(last modified Fri, 21 Jul 2017 11:01:05 GMT )
Шіл 21, 2017 17:01 Asia/Almaty
  • АҚШ лаңкестікпен күрес сылтауымен ислам әлемін жаулап алуды көздейді

Йеменнің Ансаролла қозғалысының бас хатшысы Абдул Малик Бадреддин аймақ пен Йемендегі өзгерістер туралы: «АҚШ лаңкестікпен күрес сылтауымен қауіпті мақсаттарды көздейді. Солардың басында ислам әлемін жаулап алу тұр»,-деді.

Al-Alam ақпарат арнасының хабарлауы бойынша, Йеменнің Ансаролла қозғалысының бас хатшысы Абдул Малик Бадреддин бейсенбі күні «Үстемшілдерге қарсы ұран тастау» күніне орай сөйлеген сөзінде: «АҚШ мақсаттарының бастысы елдер мен халықтардың тағдыры мен капиталын басып алу және ислам үкіметтерін жою болып отыр.

Кейбір араб елдері АҚШ-тың ризалығына ие болу үшін Вашингтонның талаптарын бұлжытпай орындау жолында қадам жасауда.

АҚШ-тың аймақтағы әрекеттеріне қатысты үнсіз қалмаймыз. Ансаролла қозғалысы сионистік режимге қарсы тұруға дайын. Ливан Хезболласының бас хатшысы сейіт Хасан Насроллаға оның Йемен халқына үміт артып, сүйенгенін дұрыс деп мәлімдеймін»,-деді.