Сауд Арабиясы әлемде жасалған террорлардың көбіне жауапты
(last modified Fri, 21 Jul 2017 14:43:08 GMT )
Шіл 21, 2017 20:43 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы әлемде жасалған террорлардың көбіне жауапты

ИИР Сыртқы істер министрі Зариф Сауд Арабиясын 1998 жылдан бері әлемде жасалған террорлардың 94 пайызына жауапты деп атады.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні АҚШ-тың PBS арнасына берген сұхбатында ваххабилік әсірешіл идеологияны Сауд Арабиясының ресми идеологиясы деп атап: «Сауд режимі мұнайдан түсетін долларлармен әлемде экстремизмді таратып жатыр»,-деді. 

ИИР Сыртқы істер министрі 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-қа жасалған шабуылдардың ваххабилік әсірешіл идеологиядан бастау алғанын айтып: «Әлемдегі лаңкестік әрекеттер осы идеологиялық ағымды ұстанатын адамдардың арандатушылығымен жасалады. ДАИШ пен басқа да лаңкестік топтар осы әсірешіл идеология негізінде әлем халықтарына қарсы лаңкестік әрекеттер жасайды»,-деді. 

Зариф, сондай-ақ АҚШ үшін  қай елдің лаңкестікті қолдап отырғаны маңызды емес екенін айтып: «АҚШ үшін тек әскери қару-жарақтарын сату ғана маңызды»,-деді.

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ Президенті Дональд Трамптың жуырдағы Сауд Арабиясына жасаған сапарына тоқталып: «Трамп қару-жарақ келісімдерінің дайындығына сенімді болмай, Сауд Арабиясына сапар шекпейді»,-деді.

Трамп мамыр айының аяғында Сауд Арабиясы сапарында бұл елмен құны 110 млрд долларды құрайтын қару-жарақ келісімдеріне қол қойды.