Иран Кувейтке қатаң наразылық білдірді
Кувейттің СІМ тарапынан ИИР-на «әл-Абдали» деп аталатын іс бойынша негізсіз айыптаулар жасалғаннан кейін Кувейттің Теһрандағы сенімді өкілі Фаллах әл-Хаджраф Иран СІМ-не шақырылып, оған Иран үкіметінің қатаң наразылығы жария етілді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми осы хабарды жариялап: «Бейсенбі күні түстен кейін Иран Сыртқы істер министрлігі Кувейт басшыларының Иранға қатысты жалған айыптауларын теріске шығарды. Кувейт басшылары аймақтың осындай қысылтаяң шағында нәтижесіз текетірестерді азайтып, аймақтың авантюрист елдерінің қысымдары мен арандатушылықтарына қарсы ұстамдылық танытудың орнына ИИР-ын жалған айыптардың нысанасына алғаны өкінішті»,-деді.
Ғасеми Кувейттің сенімді өкіліне: «ИИР-ның бұл іске еш қатысы жоқ. Бұл жайлы Кувейт басшыларына да айтылды»,-деп қуаттады.
Кувейттің сенімді өкілі да жуырда орын алған өзгерістерге өкініш білдіріп: «Айтылған тақырыптар мен мәселелерді шұғыл түрде өз басшыларыма жеткіземін»,-деп мәлімдеді.
Кувейт бейсенбі күні өз жеріндегі ирандық дипломаттардың санын азайтып, Иранның мәдени өкілдігінің кеңсесін жабатынын жариялады. Кувейт бұл шараны «әл-Абдали» тобына қатысты істі сылтауратып жасады. Кувейт Иранды осы топтың мүшелерімен байланысы бар деп айыптап отыр.