Палестиналықтарға әл-Ақса мешітіне кіруге шектеу қою – халықаралық заңдарға қайшы
(last modified Sun, 23 Jul 2017 03:08:17 GMT )
Шіл 23, 2017 09:08 Asia/Almaty
  • Палестиналықтарға әл-Ақса мешітіне кіруге шектеу қою – халықаралық заңдарға қайшы

Палестина интифазасын қолдау халықаралық конференциясының бас хатшысы Хосейн Амир Абдуллахиан сионистік режим тарапынан палестиналықтарға әл-Ақса мешітіне кіруге шектеу қойылуын халықаралық заңдарға қайшы деп атады.

Сионистік режим 2017 жылдың 14 шілде күні әл‑Ақса мешітінде палестиналықтармен қақтығысқаннан кейін Құдста басып‑жаншу әрекеттерін арттырды, соның ішінде  палестиналықтарға осы мешітке кіруге шектеулер қойды.

Хосейн Амир Абдуллахиан сенбі күні сионистік режимнің әрекеттерін айыптап: «Діни парызды орындау үшін әл‑Ақса мешітіне кіру – мұсылмандардың, әсіресе палестиналықтардың құқысы. Осы қасиетті жерге кіруге шектеу қою халықаралық заңдар мен сионистік режимнің сақтауы тиіс міндеттемелеріне қайшы»,‑деді.

Палестина интифазасын қолдау халықаралық конференциясының бас хатшысы, сондай‑ақ, сионистік режимнің жуырда 400‑ден астам палестиналықты шәһид етіп, жаралаудағы қылмысына тоқталып, мұны үлкен әрі кешірілмейтін қылмыс деп атап, халықаралық қауымдастық пен ислам елдерінің осыған қатысты тез арада қатаң реакция білдіруі қажеттігін айтты.

Жұма күні палестиналықтардың басып алынған Құдс пен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы әртүрлі қалаларда сионистік режимнің әл‑Ақса мешітіне шабуылдары мен оның кіреберістеріне қауіпсіздік қақпаларын орнатуына қарсы өткізген шеруде кемінде  4 адам қаза тауып, 400‑ге жуық адам жараланды.