Катардың Қорғаныс министрі: Иран Катарға дем берді
(last modified Tue, 25 Jul 2017 16:34:56 GMT )
Шіл 25, 2017 22:34 Asia/Almaty
  • Катардың Қорғаныс министрі: Иран Катарға дем берді

Катардың Қорғаныс министрі: "Төрт араб елінің санкцияларынан кейін ИИР катарлық рейстер үшін өзінің әуе кеңістігін ашу арқылы Дохаға дем берді" деді.

ИРНА-ның сейсенбі күнгі хабарлауынша, Катардың Қорғаныс министрі Халед бен Мұхаммад әл-Атийе: "Иран катарлық рейстер үшін өзінің әуе кеңістігін ашумен қатар, Доханың азық-түлік өнімдеріне қажеттілігінің бір бөлігін қамтамасыз етті" деді.

Катардың Қорғаныс министрі Иранды осы елдің солтүстігіндегі газ алаңындағы Катардың серіктесі әрі көршісі деп атап: "Екі ел арасындағы тату көршілестік пен серіктестік Доханың Теһранмен әріптестік жасауына түрткі болды.

Арабстан, Мысыр, БАӘ мен Бахрейн Катарды қоршауын тоқтатпайтын болса, Доха халықаралық құқықтық механизмдерді пайдаланатын болады" деді. Төрт ел бүгін сейсенбі күні өздерінің көзқарасы бойынша Катардың қолдауындағы лаңкестік топтарға қатысы бар деген ұйымдар мен тұлғалардың жаңа тізімін жариялады.