Палестиналықтардың қысымымен Израильдің әл-Ақса мешітіне бейнекамера орнату жұмыстары тоқтатылды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i29284
Әл-Ақса мешітінің кіреберістеріндегі қауіпісіздік қақпаларын алып тастағаннан кейін сионистік режим бейнекамералар орнату жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 26, 2017 06:58 Asia/Almaty
  • Палестиналықтардың қысымымен Израильдің әл-Ақса мешітіне бейнекамера орнату жұмыстары тоқтатылды

Әл-Ақса мешітінің кіреберістеріндегі қауіпісіздік қақпаларын алып тастағаннан кейін сионистік режим бейнекамералар орнату жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болды.

Сионистік режимнің қарулы күштері радиосының хабарлауынша, сионистердің әл-Ақса мешітіне қатынауы үшін арнайы салынған аспалы көпірлер де алынды.

Сионистік режимнің сейсенбі күні таңертең Бейт ул-Мұқаддастың шығысындағы Баб-әл-Асбат қақпаларының алдында палестиналық намазхандарға жасаған шабуылында ондаған адам жараланды. Сионистік әскерилер сейсенбі күні сонымен қатар Рамалланың солтүстік-батысындағы Кобер қалашығына баса-көктеп кіріп, "Ашу-ыза күні" деп аталған өткен жұма күні шәһид болған палестиналықтардың бірінің анасын құрықтады.