Ливанның қарсыласу қозғалысы мен әскерінің Арсалдағы жеңісі – ислам әлемі үшін үлгі
https://itolqyn.com/news/west_asia-i29296-Ливанның_қарсыласу_қозғалысы_мен_әскерінің_Арсалдағы_жеңісі_ислам_әлемі_үшін_үлгі
Ливан Парламентінің "Қарсыласуға адалдық" фракциясының бір топ мүшесі сейсенбі күні кешке Теһранда Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен кездесіп, сұхбаттасты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 26, 2017 16:16 Asia/Almaty
  • Ливанның қарсыласу қозғалысы мен әскерінің Арсалдағы жеңісі – ислам әлемі үшін үлгі

Ливан Парламентінің "Қарсыласуға адалдық" фракциясының бір топ мүшесі сейсенбі күні кешке Теһранда Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен кездесіп, сұхбаттасты.

Мохаммад Джавад Зариф жуырда Сириямен шекараға жақын орналасқан Арсал аймағындағы Ливан қарсыласу қозғалысы мен әскерінің лаңкестерді жеңуімен құттықтап, бұл жеңісті ливандық күштердің бірлігінің жемісі деп атады.

ИИР Сыртқы істер министрі қарсыласу қозғалысының жеңісін баршаға, әсіресе ислам әлемі үшін үлгі болғанын айтып: "Бірлік пен ынтымақтың арқасында үлкен жеңістерге жетуге болады",- деп қуаттады.

Сондай-ақ Зариф сионистердің Құдс Шәріптегі қылмыстарына тоқталып: "Егер ислам әлемі өзара келіспеушіліктерін ұмытып, бірігетін болса, сионистердің ешқашан мұндай әрекеттер мен қылмыстар жасауға батылы бармайды",- деді.

Кездесудің жалғасында қос тарап Иран мен Ливан арасындағы екіжақты қарым-қатынастар, Сирия, Ливан, аймақ пен әлемдегі соңғы өзгерістер жайлы әңгімелесіп, пікір алмасты.