Арсал амалының мақсаты лаңкестерді аймақтан шығару болды
(last modified Thu, 27 Jul 2017 08:49:22 GMT )
Шіл 27, 2017 14:49 Asia/Almaty
  • Арсал амалының мақсаты лаңкестерді аймақтан шығару болды

Ливан Хезболласының бас хатшысы Насролла Хезболла күштері тарапынан басталған Арсалды лаңкестердің қолынан азат ету амалдары мақсатының лаңкестерді аймақтан шығару болғанын айтып, Ливан қарсыласу қозғалысының осы амалдағы жеңісін мұсылмандарға, әсіресе тәкфирлік лаңкестіктің құрбаны болған сүнниттерге арнады.

Сейіт Хасан Насролла сәрсенбі күні әл-Минар телеарнасынан тікелей эфирде сөйлеген сөзінде Ливан қарсыласу қозғалысының Арсалды азат ету амалдары барысында айтарлықтай ілгерілегенін айтып, Ливан армиясының ел ішінде осындай жетістікке жетуін аса маңызды деп атады.

Үш жылға жуық уақыт бойы ән-Носрат майданы мен ДАИШ секілді топтардың атыс алаңына айналған Ливанның Арсал жоталары мен Сирияның батыс әл-Қалмун жоталарын азат ету амалдары өткен жұмада басталып, әлі жалғасып жатыр.

Ливан Хезболласының бас хатшысы, сондай-ақ, Палестинадағы соңғы өзгерістерге тоқталып, өткен күндері Құдс пен әл-Ақса мешітінде табандылықпен қарсылық көрсету арқылы сионистік режимге қарсы жаңа бір жеңіске қол жеткізген палестиналықтарға алғыс айтты.