Газа секторында бір бала шәһид болды
Шіл 29, 2017 22:00 Asia/Almaty
Палестиналық бір бала Газа секторындағы ауруханада тиісті емдеу жағдайының болмауы салдарынан шәһид болды.
Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі: «Алты жасар Мұхамед Ахмад әс-Саистың өлімінен кейін Газадан емделу үшін шығуға кедергі жасалу салдарынан шәһид болғандардың саны көбейе түсті»,-деді. Палестинаның Газадағы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі Ашраф әл-Қадире: «Бұл палестиналық бала Газадағы «әд-Дорре» ауруханасының арнайы күтім бөліміне бір апта бұрын түскен еді. Оны жылдам жөнелтуге өтініш жасалды, бірақ жауап келмеді»,-деді.
Израиль Газаны 2006 жылдан бері қоршауда ұстауда.
Тегтер