Газа секторында бір бала шәһид болды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i29386
Палестиналық бір бала Газа секторындағы ауруханада тиісті емдеу жағдайының болмауы салдарынан шәһид болды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 29, 2017 22:00 Asia/Almaty
  • Газа секторында бір бала шәһид  болды

Палестиналық бір бала Газа секторындағы ауруханада тиісті емдеу жағдайының болмауы салдарынан шәһид болды.

Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі: «Алты жасар Мұхамед Ахмад әс-Саистың өлімінен кейін Газадан емделу үшін шығуға кедергі жасалу салдарынан шәһид болғандардың саны көбейе түсті»,-деді. Палестинаның Газадағы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі Ашраф әл-Қадире: «Бұл палестиналық бала Газадағы «әд-Дорре» ауруханасының арнайы күтім  бөліміне бір апта бұрын түскен еді. Оны жылдам жөнелтуге өтініш жасалды, бірақ жауап келмеді»,-деді.

Израиль Газаны 2006 жылдан бері қоршауда ұстауда.