Баидинежад: 2016-шы жыл – ДАИШ жеңілетін жыл
(last modified Fri, 18 Mar 2016 12:15:17 GMT )
Нау 18, 2016 18:15 Asia/Almaty
  • Баидинежад: 2016-шы жыл – ДАИШ жеңілетін жыл

Иран Сыртқы істер министрлігінің Саяси және халықаралық істер жөніндегі Бас директоры 2016-шы жылды Сириядағы ДАИШ-тың жеңіліс тауып, бұл елге тыныштық оралатын жыл деп атады.

Иран Сыртқы істер министрлігінің Саяси және халықаралық істер жөніндегі Бас директоры Хамид Баидинежад бейсенбі күні Сирияның ішкі жағдайына жасаған сараптамада бұл елдің әскерінің ДАИШ-ке қарсы күресте алға ілгерілеуіне үміт артып: «2016-шы жыл – Сириядағы лаңкестік топтың құрып, бұл елге тыныштық оралатын жыл. Сирия әскері Пальмира қаласына жақын аймақтарда ілгерілеп, ДАИШ лаңкестерінің бақылауына түскен бұл көне әрі маңызды қаланы босату қарсаңында. Сирия әскерінің алға ілгерілеуі ресейлік әскери ұшақтардың қолдауымен жүзеге асты»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің Саяси және халықаралық істер жөніндегі Бас директоры ДАИШ жаулап алған жерлердің 22 пайызының сириялық күштердің бақылауына түскені туралы қуаттап: «ДАИШ Пальмира қаласын өз бақылауына алған соң бұл тарихи қаланың маңызды ғимараттарын қиратты. Мұндай әрекет әлем мемлекеттерінің айыптауларымен кезікті»,- деп мәлімдеді.