Асад: Сирия қауіпті терроризммен бетпе-бет келіп тұр
(last modified Tue, 01 Aug 2017 15:08:17 GMT )
Там 01, 2017 21:08 Asia/Almaty
  • Асад: Сирия қауіпті терроризммен бетпе-бет келіп тұр

Сирия президенті өз елінің терроризммен бетпе-бет келіп отырғанын айтып: «Тарих осы күнге дейін ауқымдылық, жеккөрініш пен кек тұрғысынан бұған ұқсас құбылысты көрген емес» деді.

Иран Телерадио ұйымының сейсенбі күнгі мәліметі бойынша, Сирия президенті Башар Асад Сирия армиясы құрылуының 72-ші жылдығына орай «Джейш аш-Шааб» басылымына берген сұхбатта аймақтық және аймақтан тыс елдердің жан-жақты қолдауларының арқасында бүкіл аймаққа үстемдік етуге әрекет етіп жатқан тәкфірлік террористерді елінің тарихи дұшпаны деп атады.

Сирия президенті елінің қарсыласудың арқасында құнды жетістіктерге қол жеткізгеніне тоқталып: «Армияның қарсыласуы мен халықтың және құрбандардың пәк қанының нәтижесінде елдің лаңкестікпен соғыстағы жетістіктері жалғасуда» деді.

Башар Асад Сирияны аймақтың жүрегі, Таяу Шығыстың негізгі өзегі деп атап: «Ел армиясы бүгін ғиззат пен абырой дастандарының бірін қалыптастыруда, табандылық және кесімділікпен жақын жеңістің көкжиегін жасауда» деді.