Зариф: Сионистік режим ислам әлемі үшін басты қатер
(last modified Tue, 01 Aug 2017 15:12:05 GMT )
Там 01, 2017 21:12 Asia/Almaty
  • Зариф: Сионистік режим ислам әлемі үшін басты қатер

Иран Сыртқы Істер Министрі Мохамад Джавад Зариф сионистік режимді ислам әлемі үшін басты қатер деп атап, Исламдық Ынтымақтастық Ұйымының Түркиядағы Құдс пен Палестина тақырыбындағы төтенше отырысын ислам мемлекеттерінің орынды әрі үйлестірілген шарасы деп бағалады.

Құдс пен Палестина тақырыбындағы Исламдық Ынтымақтастық Одағына мүше елдердің Сыртқы Істер Министрлерінің төтенше отырысына қатысу үшін Түркияның Стамбұл қаласына келген Иран СІМ Мохаммад Джавад Зариф тілшілерге берген сұхбатта: «Сионистік режим өзінің басқыншы саясаттарының жалғасында басып алған жерлердің болмысы мен құрамын өзгертіп, сол аймақтарды еврейлендіруге әрекет етуде. Сионистік режим бұл саясатты ислам елдері басқа тақырыптар мен аса өзекті емес мақсаттарға көңіл бөліп отырғандықтан ілгерілетуде» деді.   

Зариф сионистік режимнің басқыншылық және Палестина халқының құқығына қолсұғушылық саясаттарын жалғастыруының алдын алуды Иранның негізгі мақсаттарының бірі деп атап: «Ислам елдері мен аймақ елдері сионистік режимнің саясаттарына қатысты қырағы болып, бұл жалған режимнің ислам әлемін негізгі қатерге назар аударудан бұруына жол бермеуі керек» деді.