Стамбұлда әл-Ақса мешіті мәселесіне арналған Ислам Ынтмақтастық Ұйымының төтенше отырысы аяқталды
Стамбұлда өткен Құдс пен әл-Ақса мешіті тақырыбындағы Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің Сыртқы Әстер Министрлерінің Атқарушы комиссиясының төтенше отырысы қорытынды мәлімдеме жариялаумен аяқталды.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Стамбұл қаласында сейсенбі күні 44 мұсылман мемлекеті өкілдерінің, соның ішінде ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтың қатысуымен өткен бір күндік отырыста Бәйт ул-Мұқаддастағы оқиғалар талқыланды.
Отырыстың қорытынды мәлімдемесінде сионистік режимнің басып алынған Палестина жерінде жалғастырып жатқан басқыншылық әрекеттері айыпталып, мұсылмандардың алғашқы құбыласы саналатын Құдс Шәріп кесенесін сақтап қалу үшін мұсылман елдерінің бірігу қажеттігі қуатталды.
Отырыста Түркия Сыртқы істер министрі ислам елдерінің сионистік режим басқыншылығы мен қылмыстарына қарсы Палестина халқына шынайы түрде қолдау көрсетуін сұрады.
Мевлют Чавушоғлу сионистік режим әскерилерінің басып алынған Палестина жерінде палестиналықтарға қарсы зорлық-зомбылық көрсетуіне тоқталып, мұсылмандарды әл-Ақса мешітіне зиярат жасауға шақырып, бұл режимге Құдс, әл-Ақса мешіті мен Палестина жеріне басқыншылық жасауды доғаруды сұрады.