Зариф: Халықаралық қауымдастық сионистік режимнің қылмыстарын тоқтатуы тиіс
Иран Сыртқы істер министрі Зариф: "Халықаралық қауымдастық Израиль режимінің жазасыздық мәдениетін тоқтатып, бұл режимді Палестина халқына қарсы жүзеге асырып жатқан жоспарлары мен қылмыстарын доғаруға мәжбүрлеуі тиіс",- деп мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні кешке Түркияның Стамбұл қаласында өткен Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің Сыртқы Істер Министрлерінің төтенше отырысында сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы жасап жатқан әрекеттерін айыптап: "Ислам үмбеті әлемдік және ортақ өзгеріс үшін бірігіп, сионистердің қылмыстық жоспарлары мен әрекеттерін жасырудағы талпыныстарын залалсыздандыру қажет",- деді.
Зариф мұсылмандардың сионистердің бос ишаралары мен шындыққа жанаспайтын сағымына алданып қалмауы керектігін айтып: "Ислам үмбеті Ислам үмбетінің ынтымағын күшейту, сионистік режимнің басқыншылығымен күресу және астанасы Құдс болатын тәуелсіз әрі берік Палестина мемлекетін құру болып табылатын Ислам Ынтымақтастық Ұйымының негізгі армандарын ешкімге бұрмалауға рұқсат бермеуі керек",- деп баса айтты.
Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ сионистік режимнің Газа секторын қоршауға алғанына тоқталып, бұл аймақтың қоршауға алынуын адамның қорқынышты түсі екенін және ол үшін шұғыл шара қолдану қажеттігін баса айтып: "Израиль режимі әлемнің Палестина халқына қарсы нәсілшілдік саясаттары мен әрекеттерін доғару және өзгерту туралы барлық талаптарына назар аудармай, немқұрайлық танытып келеді",- деді.