Йеменде 1 миллионнан астам бала тырысқақ ауруына ұшырау қарсаңында тұр
(last modified Wed, 02 Aug 2017 14:41:53 GMT )
Там 02, 2017 20:41 Asia/Almaty
  • Йеменде 1 миллионнан астам бала тырысқақ ауруына ұшырау қарсаңында тұр

Бір халықаралық қайырымдылық қоры Йемендегі жасы беске толмаған 1 миллионнан астам баланың тырысқақ ауруына ұшырау қарсаңында тұрғанын ескертті.

Балаларды құтқарушы қайырымдылық қоғамы сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде: «Йемендегі жасы беске толмаған 1 миллионнан астам бала тырысқақ ауруына шалдығу қаупі жоғары аймақта өмір сүріп жатыр.

Қазіргі күні Йеменде тырысқақ ауруына шалдыққандардың 44 пайызын 15 жастан төмен балалар құрайды»,-деді.

Бұл мәлімдемеде Арабстанның Йеменге әскери шабуылы салдарынан туындаған экономикалық кедейшіліктің миллиондаған йемендікті азық-түлікке жарытпай, тырысқақ ауруына ұшырауына себеп болғаны, сондай-ақ,  2015 жылдың сәуір айынан бері 425 мың адамның тырысқақ ауруына шалдыққаны, олардың 1900-нің жан тәсілім еткені айтылды.

Арабстан 2015 жылдың наурыз айынан бастап Йеменнің отставкаға кеткен президенті Әбд-Раббу Мансур Хадиді билікке қайтару сылтауымен бұл елге әскери шабуыл жасады. Соның салдарынан осы күнге дейін 40 мыңға жуық адам қаза тауып, жарақат алды.