Шамхани Ауғанстандағы лаңкестік оқиғаны айыптады
Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы өзінің ауғанстандық әріптесіне хат жолдап, Мирза Олангтың жазықсыз халқына жасалған лаңкестік шабуылды қатаң айыптаумен қоса, Ауғанстан үкіметі мен халқына және осы антигуманистік қылмыста құрбан болғандардың жанұяларына көңіл айтты.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Әли Шамхани осы хатта: «Тәкфирлік идеологияға бағынышты экстремистік топтардың осындай қатігез әрекеттерін тоқтатудың тек шынайы ерік-жігер, көршілес елдер арасындағы әріптестік және лаңкестікпен шынайы түрде күресу арқылы ғана жүзеге асатыны күмәнсіз»,-деді.
Ол Батыс елдері, әсіресе АҚШ күштерінің аймақта болуынан бейберекеттіктің артып жатқанына тоқталып: «ИИР ұжымдық қауіпсіздікке жету және лаңкестіктен зардап шеккен елдерге тұрақтылықты қайтару мақсатында өзінің барлық әлеуеттері мен құралдарын қолданады. Иран осы қатерлі қауіппен бірлесе күресудің жолдарын әсіресе Ауғанстан үкіметімен аймақтық әріптестікті кеңейту арқылы жалғастырады»,-деді.
Ауғанстанның Сари-Пуль облысында осы аптаның басында лаңкестік топтар тарапынан басып алынған Мирза Оланг ауданының 50-ден аса тұрғыны қаза тапты.