Басып алынған жерлерде Нетаньяхуге қарсы шерулер өтті
(last modified Sun, 13 Aug 2017 15:51:29 GMT )
Там 13, 2017 21:51 Asia/Almaty
  • Басып алынған жерлерде Нетаньяхуге қарсы шерулер өтті

Сенбі күні кешке мыңдаған еврей сионистік режимнің сот басшыларының бұл елдің премьер-министрі Бениямин Нетаньяхудың қаржылық бұзақылық ісін дұрыс қарастырмауына наразылық білдіріп, басып алған жерлердің әртүрлі аймақтарында шеруге шықты.

«Palestine Al Yawm» телеарнасының мәліметі бойынша, сондай-ақ сенбі күні кешке жүздеген еврей сионистік режимнің прокуроры Авихай Мендельблиттің үйінің алдына жиналып, оның Нетаньяхудің ісін жүргізу тәсіліне наразылық білдірді. Шерушілер Мендельблитті Нетаньяхумен сыйбайлас деп атап, оған қарсы сот шешімін шығармағаны үшін айыптады.

Нетаньяхудің қаржы бұзақылығына қатысты ең маңызды мәлімет франциялық экономикалық алаяқ Арно Мимраннан бір миллион доллар алуы болды. Бұл ақша 2009 жылғы сайлаудың үгіт-насихат жұмыстарына жұмсалған көрінеді. Сондай-ақ сионистік режимнің премьер-министрі бір миллиард доллардан артық бағаға Германиядан үш сүңгуір қайық сатып алуына қатысты тергеуге алынды. Израильдің ақпарат құралдары Нетаньяхудың бұл келісімнің арқасында өзіне көп ақша түсіргені туралы хабарлады.