Бахрейнде Иса Қасемге қатысты сот жиналысы кейінге қалдырылды
(last modified Mon, 14 Aug 2017 16:44:44 GMT )
Там 14, 2017 22:44 Asia/Almaty
  • Бахрейнде  Иса Қасемге қатысты сот жиналысы кейінге қалдырылды

Халифе әулетінің соты халықтың қысымы көбейіп, наразылықтар жалғасқаннан кейін осы елдегі шиіттердің көрнекті дінбасшысы шейх Иса Қасемді соттауды тағы кейінге қалдырды.

Халифе  әулеті 21 мамырды шейх Иса Қасемге қатысты сот жиналысы өтетін күн деп жариялаған болатын. Халифе әулеті режимінің соты 2017 жылы 21 мамырда шейх Иса Қасемді «ақша жылыстатты, осы әулетке қарсы шықты» деген жалған айыппен азаматтықтан айырумен қоса, бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айырып, оған 100 мың бахрейндік динар айыппұл төлеуге үкім шығарды.

Бахрейн 2011 жылдың ақпан айынан бері Халифе әулеті режиміне қарсы бейбіт халықтық наразылықтардың сахнасына айналып отыр.