Зариф Ливан Хезболласының 33 күндік соғыстағы жеңісінің жылдығымен құттықтады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i29898-Зариф_Ливан_Хезболласының_33_күндік_соғыстағы_жеңісінің_жылдығымен_құттықтады
ИИР Сыртқы істер министрі Ливан Сыртқы істер министрі Джебран Басил мен Хезболла партиясының бас хатшысы Сейед Хасан Насроллаға хат жолдап, Ливан Хезболласының 33 күндік соғыстағы жеңісінің жылдығымен құттықтады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 15, 2017 09:29 Asia/Almaty
  • Зариф  Ливан Хезболласының 33 күндік соғыстағы жеңісінің жылдығымен құттықтады

ИИР Сыртқы істер министрі Ливан Сыртқы істер министрі Джебран Басил мен Хезболла партиясының бас хатшысы Сейед Хасан Насроллаға хат жолдап, Ливан Хезболласының 33 күндік соғыстағы жеңісінің жылдығымен құттықтады.

Сионистік режимнің армиясы мен Ливан Хезболласы күштері арасындағы 33 күндік соғыс 2006 жылы шілде айында басталып, сол жылы 14 тамызда Ливан Хезболласының жеңісімен аяқталды. Сионистік режим бұл соғыстан ауыр шығынмен артқа шегінді.

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхамед Джавад Зариф Ливанның Сыртқы істер министрі Джебран Басилге жолдаған құттықтау хатында: "Бұл ұлы жеңіс Ливан халқының қаһарман перзенттерінің ержүректігі мен жанпидалығы,  барлық тайпалар мен саяси және халықтық күштер басшыларының ауызбіршілігі мен біртұтастығының арқасында орын алды.

33 күндік соғыстағы жеңіс сионистік режимнің ашкөздігі мен басқыншылығы алдындағы Ливанның абырой-беделінің одан ары арта түсуіне себеп болды",-деп қуаттады.

ИИР-ның Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, Ливан Хезболласының бас хатшысы  Сейед Хасан Насроллаға жолдаған құттықтау хатында оның көрегендігі, Исламдық қарсыласу қозғалысы жауынгерлерінің  жанпидалығы мен шәһидтікті талап ету рухтарына, сондай-ақ, Ливан халқының әрбір адамының табандылығына тоқталып: «Бұл ұлы жеңіс исламдық қарсыласу күрескерлерінің басқа да жетістіктері, әсіресе  Арсалдағы құнды жеңісімен бірге сионистік режимнің аймақтық және халықаралық  демеушілерінің үміттерін үзуіне себеп болды»-деді.