Генерал-майор Бағери Ыстамбұлдың тарихи және діни мекендерін аралады
Там 17, 2017 20:02 Asia/Almaty
ИИР Қарулы күштері Бас штабының қолбасшысы Стамбұлдың тарихи және діни мекендерін аралады.
Түркияға делегацияны бастап ресми сапармен барған сардар Бағери сапарының үшінші күні Ыстамбұлдың тарихи және діни мекендеріне, соның ішінде Долмабахче сарайы мен Сұлтанахмет мешітіне, Айя София және Топқапы мұражайына барды.
Генерал-майор Бағери Анкарада болған екі күнде Түркия Әскері Бас штабының басшысы генерал Хулуси Акар, Қорғаныс министрі Нуреттин Джаникли, Ұлттық барлау ұйымының басшысы Хакан Фидан және Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті.
Тегтер