2017 жылдың басынан бері 3800 палестиналық ұсталды
Сионистік басқыншылар 2017 жылдың басынан осы уақытқа дейін 3800 палестиналықты қамауға алды.
Палестинаның тұтқындары мен тұтқыннан босап шыққандар комитетінің басшысы Иса Карака осы хабарды жариялап: "Сионистік дұшпандар палестиналықтарды тұтқындау арқылы шын мәнінде олардың отбасыларын жазалайды.
Палестиналықтарды тұтқындау барлық Палестина қоғамын жазалаумен бірдей. Израильдік әскерилердің іс-әрекеттері халықаралық заңдар мен қағидаларға қайшы. Израиль бұл іс-әрекетімен соғыс қылмысын жасады. Палестиналықтарды тұтқындау халықаралық қауымдастықтың үнсіздігі аясында орындалып жатыр",-деді.
Палестинаның «әз-Замир» адам құқығын қорғау тобының статистикалық мәліметтері бойынша, шамамен 7000 палестиналық сионистік режимнің түрмелерінде өте нашар жағдайда жатыр.