Эрдоған Сирияның солтүстігіндегі заңсыз күрд үкіметінің уәжіне реакция білдірді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i30146-Эрдоған_Сирияның_солтүстігіндегі_заңсыз_күрд_үкіметінің_уәжіне_реакция_білдірді
Түркия Президенті Анкараның Сирияның солтүстігінде бұл елдің Демократиялық бірлік партиясы мен халықты қорғайтын бірліктеріне заңсыз үкімет құруға еш уақытта рұқсат бермейтінін мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 23, 2017 14:24 Asia/Almaty
  • Эрдоған Сирияның солтүстігіндегі заңсыз күрд үкіметінің уәжіне реакция білдірді

Түркия Президенті Анкараның Сирияның солтүстігінде бұл елдің Демократиялық бірлік партиясы мен халықты қорғайтын бірліктеріне заңсыз үкімет құруға еш уақытта рұқсат бермейтінін мәлімдеді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Реджеп Тайып Эрдоған  сейсенбі күні Түркияның әртүрлі қалаларының ақсақалдары мен кейбір жергілікті басшыларының отырысында Сирияның солтүстігінде күрд үкіметін құру туралы уәждерге реакция білдіріп, оларды негізсіз деп атады. Ол Сирияның солтүстігіндегі Демократиялық бірлік партиясы мен Халықты қорғаушы бірліктердің мақсатын Жерорта теңізіне жету деп сараптап: «Түркия армиясының күштері Сирияны бөліп, пайда көргісі келетіндерге бұл қате шешімдерін іске асыруға рұқсат бермейді»,- деп қуаттады.

Түркия Президенті сондай-ақ Сирияның солтүстігінде күрд үкіметінің құрылуын күрдтерге құметсіздік білдіру деп атап: «Түркия мұндай үкіметтің құрылуына кесімді түрде қарсы»,- деді.