Басып алынған Палестинада Нетаньяхудың жемқорлығын айыптаған шеру өтті
(last modified Sun, 27 Aug 2017 09:15:43 GMT )
Там 27, 2017 15:15 Asia/Almaty
  • Басып алынған Палестинада Нетаньяхудың жемқорлығын айыптаған шеру өтті

Сионистік режимнің жүздеген азаматы сенбі күні кешке осы режим прокурорының үйінің алдына жиналып, Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуды қаржы жемқорлығы айыбымен соттауды талап етті.

Sky News арнасының хабарлауы бойынша, Нетаньяхуды жемқорлық жасады деген айыппен сотталуды талап еткен шерушілер полиция күштерінің қарсылығына ұшырады.

Осыдан бұрын сионистік режимнің қауіпсіздік күштері Нетаньяхудың қаржы жемқорлығына қарсы шеру ұйымдастырушылардың екеуін қамауға алды.

Полиция біраз уақыттан бері Нетаньяхудың қаржы жемқорлығына қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Алайда сионистік режимнің сот органы осы күнге дейін бұл өтінішке көңіл аудармады.

Үш апта бұрын мыңдаған наразы сионистік режим кабинетінің құқықтық кеңесшісі үйінің алдында шеру өткізіп, Нетаньяхуға қарсы тергеудің тездетілуін талап еткен болатын.

Сионистік режимнің газеттері Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың қаржы жемқорлығына қатысты тергеу аяқталғаннан кейін оны түрме немесе үй қамауы күтуде деп болжап отыр.

Нетаньяху мен оның жұбайы бірнеше іс бойынша, әсіресе Израиль Премьер-министрі болғанға дейін жемқорлық жасады және пара алды деп айыпталып отыр.