Сионистік режим Асадтың сарайын бомбалау туралы қоқан-лоққы жасады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i30350
Сионистік режимнің бір басшысы егер ИИР Сириядағы ықпалын арттыруды жалғастырса, Израильдің Сирия Президенті Башар Асадтың сарайын бомбалайтынын айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 29, 2017 23:23 Asia/Almaty
  • Сионистік режим Асадтың сарайын бомбалау  туралы қоқан-лоққы жасады

Сионистік режимнің бір басшысы егер ИИР Сириядағы ықпалын арттыруды жалғастырса, Израильдің Сирия Президенті Башар Асадтың сарайын бомбалайтынын айтты.

Аты-жөнінің жарияланбауын сұраған израильдік басшы Ресей үкіметіне де қоқан-лоққы жасап: "Егер аймақта айтарлықтай өзгеріс болмаса, Тель-Авив өз күш-қуатын АҚШ пен Ресейдің Астана келіссөздерінде келіскен Сирияның оңтүстігіндегі  атысты тоқтату бітімін жоюға бағыттайды",-деді.