Тель-Авивте сионистік режимнің премьер-министріне қарсы шеру өтті
Басып алынған Палестина жерінің мыңдаған түрғыны шеруге шығып, сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяхуды сыбайлас жемқорлықпен айыптауды талап етті.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, сионистік режимнің «Маарив» газеті: «Наразы израильдіктер сенбі күні кешке Тель-Авивтің шығысындағы Израиль кабинетінің құқықтық кеңесшісі Авихай Мандельбиттің үйінің алдына жиналды»,- деп жазды. Нетаньяхуды міндетінен босатуды талап етіп, осыдан бірнеше ай бұрын Тель-Авив пен басып алынған Палестина жерлерінің басқа аймақтарында басталған наразылықтар мен шерулер әлі жалғасуда.
Израиль теледидарының екінші арнасы: «Сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяхудың әйелі Сара Нетаньяху алдағы 10 күнде сыбайластық жемқорлыққа қатысты айыпталады»,- деп хабарлады. Нетаньяхудың әйелі мемлекеттік қаржатты жеке шығындарын төлеу үшін пайдаланды деп айыпталуда. Ол бұдан бұрын да полицияның осындай айыптаумен кезігіп, тергелген болатын.
2017-ші жылдың қаңтар айының екісінен бастап сыбайлас жемқорлық және германиялық компаниялардың бірінен миллиондаған доллар пара алды деген айыптармен Беняамин Нетаньяхудың тергеуі басталды.