Зариф Сирия халқын Дейр эз-Зор қоршауының бұзылғанымен құттықтады
Қыр 07, 2017 14:18 Asia/Almaty
ИИР Сыртқы істер министрі Сирия үкіметі мен халқын Дейр оз-Зор қоршауының бұзылғанымен құттықтап, лаңкестікпен күрес майданында Иранның Дамаскты қолдауын жалғастыратынын мәлімдеді.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф кеше сәрсенбі күні Сирияның Сыртқы істер министрі Валид әл-Муаллеммен телефон арқылы сұхбатта екі бауырлас ел – Иран мен Сирия арасында берік қарым-қатынастың орнағанын айтып, мұны барлық салаларда нығайтудың маңыздылығын қуаттады.
Валид әл-Муаллем де телефон арқылы сұхбатта ИИР-ның Сирия үкіметі мен халқын қолдауына алғыс айтып: «Сирия армиясы өз территориясын толық азат еткенге дейін лаңкестік топтармен күресті жалғастырады»,-деді.
Тегтер