Зариф Сирия халқын Дейр эз-Зор қоршауының бұзылғанымен құттықтады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i30523-Зариф_Сирия_халқын_Дейр_эз_Зор_қоршауының_бұзылғанымен_құттықтады
ИИР Сыртқы істер министрі Сирия үкіметі мен халқын Дейр оз-Зор қоршауының бұзылғанымен құттықтап, лаңкестікпен күрес майданында Иранның Дамаскты қолдауын жалғастыратынын мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 07, 2017 14:18 Asia/Almaty
  • Зариф Сирия халқын Дейр эз-Зор қоршауының бұзылғанымен құттықтады

ИИР Сыртқы істер министрі Сирия үкіметі мен халқын Дейр оз-Зор қоршауының бұзылғанымен құттықтап, лаңкестікпен күрес майданында Иранның Дамаскты қолдауын жалғастыратынын мәлімдеді.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф кеше сәрсенбі күні Сирияның Сыртқы істер министрі Валид әл-Муаллеммен телефон арқылы сұхбатта екі бауырлас ел – Иран мен Сирия арасында берік қарым-қатынастың орнағанын айтып, мұны барлық салаларда нығайтудың маңыздылығын қуаттады.

Валид әл-Муаллем де телефон арқылы сұхбатта ИИР-ның Сирия үкіметі мен халқын қолдауына алғыс айтып: «Сирия армиясы өз территориясын толық азат еткенге дейін лаңкестік топтармен күресті жалғастырады»,-деді.