Сирия армиясы сионистік режимнің шабуылдарының салдарлары туралы ескертті
(last modified Thu, 07 Sep 2017 12:52:52 GMT )
Қыр 07, 2017 18:52 Asia/Almaty
  • Сирия армиясы сионистік режимнің шабуылдарының салдарлары туралы ескертті

Сионистік режимнің Сирияның әскери орталығына жасаған шабуылдарынан кейін осы елдің армиясы мұндай әрекеттердің аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығына келтіретін қатерлі салдарлары туралы ескертті.

Иран Телерадио ұйымының хабарлауы бойынша, Сирия армиясы сионистік режимнің ұшқышсыз ұшақтарының осы елдің батысындағы Хамаға жақын жердегі әскери базасына жасаған шабуылына реакцияда мәлімдеме жариялап: «Бұл шабуыл Сирияда ауыр жеңілістерге ұшыраған ДАИШ лаңкестік тобы мүшелерінің рухын көтеру мақсатында жасалды» деді.

Сирия армиясы өздерінің терроризмге қарсы бірнеше өзектегі жеңістеріне тоқталып, Сирия үкіметі және халқының елдің аумағында терроризмді жоюға деген ерік-жігерін қуаттады.

Сирия армиясы сондай-ақ, Израиль қырғи ұшақтарының Хамаға жақын жердегі әскери базасына жасаған шабуылында осы елдің 3 әскериінің мерт болғанын хабарлады.

Израильдің қырғи ұшақтары бүгін, бейсенбі күні Ливанның әуе кеңістігінен Хама облысына жақын жердегі Масиф аймағындағы Сирияның әскери базаларының бірін нысанаға алды. Соның салдарынан екі әскери мерт болып, базаға нұқсан келтірілді.