Сиоинист әскерилердің шабуылында 11 палестиналық жараланды
(last modified Thu, 07 Sep 2017 12:54:26 GMT )
Қыр 07, 2017 18:54 Asia/Almaty
  • Сиоинист әскерилердің шабуылында 11 палестиналық жараланды

Палестиналық хабар көздері сионистік режим әскерилерінің басып алынған Құдс пен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы аймақтардағы шабуылдары барысында 14 палестиналықтың құрықталып, 11 палестиналықтың жараланғанын хабарлады.

«Меһр» агенттігінің хабарлауы бойынша, палестиналық дереккөздері сәрсенбі күнгі және бүгін таңертеңгі палестиналық жастар мен сионистік режим әскерилері арасындағы басып алынған Құдстың шығысындағы қақтығыстар барысында 11 палестиналықтың тұншығып, күйікке ұшырағанын жариялаған.

Ливандық «ал-Майадин» телеарнасының мәліметіне сәйкес, сионистік режимнің әскерилері сонымен қатар бүгін таңертең Иордан өзенінің батыс жағалауындағы әртүрлі аймақтардағы 14 палестиналықты "тас лақтырды" деген айыппен құрықтап, тергеу орталықтарына жіберген.

Сионистік режимге қарасты дереккөздері осы режимнің бір әскериінің басып алынған Палестина жеріндегі әскери базада өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлап, сол іске қатысты тергеу жұмыстарының басталып, мәселенің әскеридің отбасына хабарланғанын мәлімдеді. Бұл өткен күндердегі сионистік режим әскерилері арасындағы өз-өзіне қол жұмсаудың үшінші жайты.