Иордан өзенінің батыс жағалауында алғашқы сионистік қалашық салынaды
Қыр 11, 2017 22:53 Asia/Almaty
Сионистік режимнің Ішкі Істер Министрі Арье Дери босатылған Амоно қалашығының басшыларына жаңа қалашық салу үшін қажет барлық құқықтық жұмыстардың орындалғанын, дүйсенбіден бастап «Амихаи» деп аталатын жаңа қалашықтың құрылыс жұмыстарының басталатынын хабарлады.
Бұл 1992 жылдан бері Иордан өзенінің батыс жағалауында салынған алғашқы сионистік қалашық болады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2016 жылдың желтоқсан айының 23 күні басып алынған Паластина жерлерінде сионистік режимнің қалашықтар құрылысын тоқтату туралы қарарына оң дауыс беруіне қарамастан, сионистік қалашықтардың құрылысы жалғасуда.
Тегтер