Түркия Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуіне қатысты референдумның өткізілуіне қарсылық білдірді
Түркия Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуіне қатысты референдумның өткізілуіне тағы қарсылық білдірді.
«Фарс» хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Түркия Сыртқы Істер Министрлігі бүгін бейсенбі күні мәлімдеме жариялап, Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуі туралы өтетін референдумды тағы да заңсыз деп атап: «Осы аймақтың басшысы Масуд Барзани референдум өткізуге табандылық танытатын болса, оның құнын өзі төлеуі керек» деп мәлімдеді. Түркия СІМ Ирак Парламентінің Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуі туралы өтетін рефрендумды заңсыз деп атаған шешімін қолдап, Ирак күрдтерінің рефрендум өткізу туралы шешімін қате шешім деп атады.
Ирактың Күрдістан аймағының партиялары маусым айының жетісі күні осы аймақтың басшысы Масуд Барзанидің қатысуымен өткен отырыста 2017 жылдың қыркүйек айының жиырма бесі күні Күрдістан аймағының Ирактан бөлінуі туралы референдум өткізуіне келіскен болатын.
Ирактың Күрдістан аймағының Ирактан бөлінуін талап етуі Ирак үкіметі мен Ирактың әртүрлі топтары және аймақ елдерінің қатаң реакцияларымен бетпе-бет келді.