Сауд Арабиясының халықтық қозғалысы Сауд режиміне наразылық білдіруге шақырды
Сауд Арабиясындағы «15-ші қыркүйек» наразылық қозғалысының жақтастары бұл жолы қыркүйектің 23 – елдің ұлттық күні наразылық шеруіне шығуға шақырды.
Бұдан бұрын, өткен жұма күні халықты өздерінің талап-тілектеріне жету үшін наразылық білдіруге шақырған «15-ші қыркүйек» қозғалысының жақтастары мен белсенділері ағымдағы айдың жиырма үшін осы қозғалыстың наразылық білдіретін күні деп жариялады.
Өткен күні «15-ші қыркүйек» қозғалысының наразылықтарына алаңдаушылық білдіріп, Сауд Арабиясының әртүрлі аймақтарында қауіпсіздік шаралары қолданылды.
Сауд Арабиясындағы «15-ші қыркүйек» қозғалысының жақтастары олардың ұлттық мәселеге қатысты ой-пікірді өзгерту саласындағы бірінші бағдарламасына тоқталып, өз мәлімдемесінде бұл елдің әртүрлі аймақтарындағы қауіпсіздік шараларына қарамастан, наразылықтарын жалғастыратындықтарын жариялап: «Сауд режимінің басшылары әртүрлі жолдармен Сауд Арабиясының халқымен күресуде. Бірақ бұл әрекеттер аталмыш қозғалыстың халықтың мақсаттарына жету жігеріне әсерін тигізбейді»,- деп қуаттады.