Рухани: Ирак үкіметінің қасындамыз
(last modified Mon, 25 Sep 2017 09:56:10 GMT )
Қыр 25, 2017 15:56 Asia/Almaty
  • Рухани: Ирак үкіметінің қасындамыз

ИИР Президенті Иранның Ирак жерінің тұтастығы мен мен халқының бірлігіне кереғар әрекеттерге қарсылық білдіретінін қуаттап: «Барша олардың заңдылығының Ирактың Конституциясы аясында болуы керек екенін білуі қажет» деп қуаттады.

ИИР Президенті Хасан Рухани жексенбі күні кешке  Ирактың Премьер-министрі Хейдар әл-Абадимен телефон арқылы сұхбатта ИИР-ның толығымен Ирактың Орталық үкіметін қолдайтынын  айтты.

Рухани Ирак үкіметі мен халқының өздерінің даналығының арқасында басқа қиындықтардан шыққандай қазіргі бөліну туралы референдумнан да өтетінін айтып: "Ирактың Конституциясын барша құрметтеуі керек, оны бұзу заңсыз әрекет жасау болып табылады",-деп баса айтты.

Ирактың Премьер-министрі Хейдар әл-Абади де  телефон  сұхбатында ИИР-ның Ирактың ұлттық бірлігі мен жерінің тұтастығын қолдаудағы ұстанымын бағалайтынын айтып: "Ирактың Күрдістан аймағындағы Масуд Барзанидің әрекеттері Ирактағы өзгерістерді жаңа қайшылықтарға қарай бұратын болады",- деп баса айтты.

Хейдар Әл-Абади Ирактың Күрдістан аймағындағы референдумның Конституцияға қарсы екенін және оның кез келген нәтижесінің заңсыз болып табылатынын әрі Орталық үкіметтің оны ешқашан қабылмайтынын тағы айтып: «Ирактың күрд басшылары ешқашан Иракты бөлу туралы ойланбауы керек екенін түсінсін» деді.

 

 

Тегтер