Сауд Арабиясы мен БАӘ – АҚШ-тың аймақтағы үстемдігін жалғастырушылар
Йеменнің Ансаролла қозғалысының басшысы сенбі күні осы елде имам Хусейнді аза тұтушылардың ортасында: «Сауд Арабиясы мен БАӘ режимдері АҚШ-тың аймақтағы үстемдігін жалғастырып отыр»,-деп қуаттады.
Йеменнің Ансаролла қозғалысының басшысы Әл-Хуси елдегі тайпалардың саудиялық басқыншыларға қарсы тұрудағы рөліне алғыс айтып, қоғамның барлық әлеуметтік топтарын басқыншылармен күресу үшін көбірек бірлесуге шақырып, Йемен халқынан барлық күш-жігерін дұшпандармен күреске жұмсауды сұрады.
Ол өз сөзінің келесі бір бөлігінде Ливан мен Палестинадағы қарсыласу қозғалысын қолдайтынын мәлімдеп, АҚШ пен әлемдік алпауыттардың Йемендегі жобаларымен күресті жалғастыратындықтарын қуаттап, йемендік күштер арасындағы кез келген қақтығысты Йеменнің мүддесіне қайшы және АҚШ, Израиль, Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің мақсаттарына сай деп атады.