«Иерусалим пост»: Иран – Моссадтың негізгі нысанасы
(last modified Tue, 03 Oct 2017 09:02:20 GMT )
Қаз 03, 2017 15:02 Asia/Almaty
  • «Иерусалим пост»: Иран – Моссадтың негізгі нысанасы

Израильдің барлау ұйымы Моссадтың басшысы ИИР-ның Израильдің негізгі нысанасы екенін айтты.

Иран Телерадио бірлестігінеқарасты ақпарат агенттігінің сионистік «Иерусалим пост» газетіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Моссад басшысы Йоси Коэн дүйсенбі күні Палестинаның басып алынған жерлерінде Бениямин Нетаньяхудың қатысуымен өткен рәсімде: «Иран осы уақытқа дейін ядролық күшке жету мақсатынан бас тартпады. Иран Таяу Шығыс аймағындағы әскери және жедел әрекет күштерін басқаруды жалғастырып, Ливан мен Сириядағы Израильдің шекараларына ешқашан қазіргідей жақын болған жоқ»,- деген уәж айтты.

Коэн бұл уәждерін өзінің әртүрлі мемлекеттердегі Моссадтың мыңдаған лаңкестік әрекеттеріне қатысқанын мойындаған жағдайда айтып отыр. Ол: «Моссад жыл сайын әртүрлі мемлекеттерде мыңдаған, соның ішінде кейбіреулері шиеленісті  әрекеттерін іске асырады»,- деді.

Сионистік режимнің барлау ұйымы өткен 30 жылда кемінде 16 палестиналық және араб басшыға, сондай-ақ 11 мемлекеттің маңызды қайраткерлеріне қастандық жасады. Иранның ядролық ғылым саласындағы ғалымдары мен әуе өнеркәсібінің инженерлеріне қарсы лаңкестік әрекеттер де Моссадтың өткен бірнеше жылдағы әрекеттерінің мысалдары.