Қаз 08, 2017 08:09 Asia/Almaty
  • Джиддадағы әс-Салам сарайына шабуыл жасалды

Баспасөз көздері Джидадағы Саудия королінің сарайына қарулы шабуыл жасалғаны жөнінде хабарлады.

Сенбі күнгі Сауд Арабиясының Джиддадағы әс-Салам сарайына жасалған қарулы шабуыл салдарынан Саудия королінің екі күзет қызметкері өлтіріліп, басқа екі адам жараланды. Саудилиялық баспасөз көздері сондай-ақ әс-Салам сарайына шабуылдаушының біреуінің өлтірілгені туралы хабарлады.

Сауд Арабиясының қауіпсіздік күштері Джиддадағы Саудия королінің сарайына шабуылдаушы қылмыскердің жалғыз болмағанына сенімді. Шабуылды жасаушы басқа да адамдарды іздестіріп, оларды құрықтау жұмыстары жалғасып жатыр.

 

 

Тегтер