Түркия премьер-министрінің Брюссельдегі оқиға туралы сөздері
Түркия премьер-министрі 22 наурыз күні Брюссельде орын алған лаңкестік жарылыстар туралы сөзінің бір бөлігінде "Еуропа өзінің қисынсыз саясаттарының салдарын тартып отыр" деді.
Ахмет Давутоглу Еуропа қауіпсіздігінің Түркиядан басталатынын және Еуропа одағының қауіпсіздігі үшін Сирияның солтүстігінде қауіпсіз аймақ құрылуы қажеттігі туралы уәж айтып отыр.
Түркияның жоғары деңгейлі қайраткерлерінің осы елдегі лаңкестік шабуылдар мен Еуропа одағының осы оқиғаларға қатынасы туралы соңғы күндері білдіріп жүрген пікірлері Анкараның Еуропа одағынан күтетін жайттарын қамтиды. Алайда дәл осы пікірлерге еуропалық қоғамның кейбір саяси және ақпарат орталары ерекше назар аударып отыр.
Түркия премьер-министрінің Брюссельдегі лаңкестік шабуыл және бұл шабуылдың Еуропа одағының қисынсыз саясаттарының салдары болуы туралы сөздері еуропалық қоғамның саяси және ақпараттық орталарының осы болжамын растап отыр. Сонымен қатар, Еуропаның ақпарат ортасының көзқарасы бойынша, егер Реджеп Тайып Ердоғанның Брюссельдегі лаңкестік шабуыл туралы болжамдарын Түркия премьер-министрінің сөздерімен қатар қойсақ, Түркияның ИСИМ лаңкестік тобының әрекеттерін бағдарлаудағы рөлі айқындалып, бұл елдің ИСИМ тобын өзінің аймақтық мақсаттарын ілгерілету үшін пайдаланып отырғаны белгілі болады.
Түркия президенті 18 наурыз күні Брюссельдегі лаңкестік оқиғадан 4 күн бұрын Галлиполи шайқасын еске алу рәсімдерінде сөйлеген сөзінде: «Анкарада жарылған бомбаның Брюссельде немесе басқа бір еуропалық қалада жарылмайтындығына ешкім кепіл емес» деген болатын.
Ердоғанның осы сөздерінен бір күн өткеннен кейін Стамбұл бір лаңкестік шабуылдың куәсі болды. Ал үш күннен кейін Брюссельде Еуропа одағының штаб-пәтері төрт лаңкестік шабуылдың нысанасына айналды.
Еуропалық қоғамның саяси және ақпарат орталарының Түркия президенті мен премьер-министрінің айтқан сөздері және әрқайсысының себепкерлері ИСИМ болған Стамбұл мен Брюссельдегі лаңкестік шабуылдардың байланысы туралы сараптамасы саясат пен биліктің логикасы және сыртқы саясаттың негізгі қағидаларымен үйлеспейді. Бірақ Анкара тарапынан ИСИМ-нің қолдау көруі туралы болжамдар тудырады.
Сириялық босқындарға көмек жеткізетін күштерді қорғау мақсатында Түркияның қарулы және қауіпсіздік күштері үшін қауіпсіз аймақ құру мақсатымен Сирияның солтүстігінде буферлік аймақ құру, гуманитарлық көмектер, құтқару және емдеу саласындағы көмектердің орнына Еуропа одағының назарын қаржық көмектеріне аударту Түркияның Сирияның солтүстігінде қауіпсіз аймақ құру жобасының басты мақсаттарының бір бөлігі болып табылады.
Бұл қауіпсіз аймақ Сириядағы барлық қарулы топтар мен үкімет қарсыластарының жиналып, орнығатын мекеніне айналып, Башар Асадтың үкіметіне қарсы соғысты жалғастыру мақсатында олармен байланыс орнату және логистикалық көмек жөнелту үшін жағдай тудырды.
Бұл Түркияның кейбір үкімет сыншыларының пікірінше, Анкараның Еуропа одағымен лаңкестікпен күрес саласындағы ынтымақтастықтарын қамтамасыз етуді көздеп отырған мақсаттары болып табылады.
Түркияның үкімет қайраткерлері мен премьер-министрінің Еуропа одағын өздері сириялық босқындарды қоныстандыруға арналған Сирияның солтүстігіндегі қауіпсіз аймақ деп атап отырған аймақ құруға бірнеше рет шақыруы осы аяда бағаланады. Ең қызығы, Анкара тек еуропалық қоғамның Түркияның осы жобалары мен талаптарына қатысты үнсіздігі үшін ғана Еуропа одағының бас штабы немесе басқа да еуропалық қалаларды лаңкестік әрекеттер үшін лайықты санап, өзінің талап-тілектеріне назар аударту үшін өз сөздерінде Сирияның солтүстігіндегі қауіпсіздікті Түркия қоғамы және Еуропа одағының географиялық аймағының қауіпсіздігімен байланыстырып отыр.