Қаз 09, 2017 20:16 Asia/Almaty
  • Иран мен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Сауда және даму банкі арасында келісімге қол қойылды

Бүгін Анкарада Иран мен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Сауда және даму банкі арасында банктік келісімге қол қойылды.

ИИР үкіметінің атынан Орталық Банктің халықаралық істер бөлімінің бас директоры Хосейн Йағуби мен Экономикалық Ынтымақтастық ұйымының Сауда және даму банкі директорының орынбасары Бурһанаддин Акташ қол қойған келісім аталмыш ұйымның ИИР-ғы өкілдік кеңсесінің шарттары мен ережелерін анықтайды.  

Қол қойылған келісім Экономикалық Ынтымақстастық ұйымының Ирандағы жұмыстарын кеңейту мүмкіндігін арттыратын болады.

ЭЫҰ банкі сонымен қатар қажетті қаржы инфраструктураларын әзірлеу арқылы ЭЫҰ-на мүше елдердің сауда жұмыстарын кеңейтуде әсерлі рөлге ие бола алады. 

 

Тегтер