Хусейннің қырқы – "Арбағин" рәсімі әлемнің 32 елінде тікелей эфирден көрсетіледі
(last modified Sat, 04 Nov 2017 08:15:07 GMT )
Қар 04, 2017 14:15 Asia/Almaty
  • Хусейннің қырқы –

Иракта өтетін Хусейннің қырқы – "Арбағин" ұйымының баспасөз қызметі мен виртуалды кеңістік бөлімінің басшысы "Арбағин" рәсімінің тікелей эфир арқылы әлемнің 32 елінен көрсетілетінін хабарлады.

Ирактағы Хусейннің қырқы – "Арбағин" ұйымының баспасөз қызметі мен виртуалды кеңістік бөлімінің басшысы Мұхаммад Али Ануше ИРНА ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Биыл Кербаладағы Хусейннің қырқы – "Арбағин" күнгі шерудің трансляциясы үшін әлемнің әртүрлі елдерінен 650-ге жуық ақпарат құралдарының өкілдері келіп отыр",- деді.

Анишенің айтуынша, биыл "Арбағин" күніне арналған хабарларды түсіру үшін келген журналистердің саны өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға артқан.

Ирак Шекара қызметінің бас төрағасы Казем әл-Ағаби: "Жұманың кешіне дейін Ирактың әуе және жерүсті шекараларынан бұл елге 1 185 727 адам келген. Зиярташылардың Ирак территориясына кіруі туралы статистикалық мәліметтер бойынша ең жоғары көрсеткіш Иранның батысы мен оңтүстік-батысында орналасқан Меһран және Шаламче шекара бекеттерінде тіркелді",- деді.

Хусейнің қырқы – "Арбағин" рәсімі қарашаның тоғызы күні Ирак пен басқа да мұсылман мемлекеттерінде өтеді.

 

Тегтер