Велаяти: Ливанның лаңкестермен күрестегі жеңістері – Ливан үкіметі еңбегінің көрінісі
Революция жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Али Акбар Велаяти Ливанның лаңкестік топтарға қарсы күрестегі жуырдағы жеңістерін ливандықтардың бірлігінің жемісі және ел үкіметі еңбегінің көрінісі деп атады.
Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Ливанға бесінші сапары барысында жұма күні кешке Ливан президенті Мишель Аунмен кездесті.
ИРНА ақпарат агенттігінің Бейруттен хабарлауы бойынша, тараптар кездесуде екіжақты ынтымақтастықтарды кеңейтудің жолдары мен аймақ өзгерістері, әсіресе Сирия өзгерістері жайында пікір алмасты.
Велаяти Мишель Аунның елдегі тұрақтылық пен Ливандағы саяси топтар арасындағы интеграциясындағы әсерлі рөлін баса айтып, Ливанды аймақтағы ең қауіпсіз елдердің бірі деп атады.
Аун да кездесуде аймақтағы тұрақтылық пен тыныштықты орнатуда атқарған рөлі үшін Иранға алғыс білдіріп, Иран мен Ливан арасындағы қатынастарды кеңейту қажеттігін қуаттады.
Велаяти бұл сапарында әзірге дейін осы елдің премьер-министрі Саад әл-Хариримен, Парламент төрағасы Набиһ Берримен және Сыртқы істер министрі Джебран Басилмен кездесу өткізді. Велаяти кеше Ливан Хезболласының бас хатшысы Сейіт Хасан Насролламен кездесіп, аймақтағы соңғы өзгерістер туралы кеңесті.