Сейіт Хасан Насролла: Харири қызметінен Сауд Арабиясының шешімімен кетті
Ливан Хезболласының бас хатшысы: "Ливан премьер-министрі Саад Хариридің қызметінен кететіні туралы мәлімдемесі Харири оны жай ғана оқып шыққан, бірақ Сауд Арабиясы шығарған шешім болды",- деп мәлімдеді.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сейіт Хасан Насролла жексенбі күні кешке Саад Харири отставкаға кеткеннен кейінгі Ливандағы соңғы өзгерістер туралы: "Харири Риядқа шақырылды. Оның қызметінен кететіні туралы мәлімдемесі Сауд Арабиясының шешімі болды. Ол бар болғаны Сауд Арабиясының шешімін оқып берді»,- деді.
Ливан Хезболласының бас хатшысы Ливан премьер-министрінің қызметінен кетуінің себебін Сауд Арабиясынан іздеу керектігін айтып: "Бұл отставка – Сауд Арабиясының Ливанның ішкі істеріне әшкере түрде араласуының көрінісі",- деп қуаттады.
Ливан Хезболласының бас хатшысы Ливан преьмер-министрінің қызметінен кетуінің Израильдің Ливанға қарсы соғысы үшін бастама екендігіне негізделген қауесеттер туралы: "Израильдіктер өздерінің жеңіске жететіндіктеріне көздері анық жетпесе, Ливанмен ешқандай соғыс бастамайды. Израильдіктер бұл соғысқа қатысты сақтық танытуда",- деп баса айтты.