Биылғы жылғы «Арбағин» рәсіміне екі млн бес жүз мың ирандық зияратшы қатысады
Кербаладағы ИИР-ның бас консулы Мир Масуд Хосейниан имам Хосейннің қырқы – «Арбағин» рәсімдеріне қатысу үшін екі млн бес жүз мың ирандық зияратшының биыл Иракқа баратынын айтып:
«Ирактағы Иранның «Арбағин» штабының басшылығы Бағдадтағы ИИР-ның елшісі Ирадж Масджедидің міндетіне жүктелген. Осы мәселе бойынша Кербала, Басра, Самарра, Наджаф пен Каземин қалаларының әрқайсында жеті комитет құрылды. Комитеттердің әрқайсы «Арбағин» рәсіміне қатысатын зияратшылардың тұратын жері, оларды тамақтандыру, қауіпсіздікпен қамтамасыз етіп, медициналық көмек көрсету, тасымалдау және әкімшілік істер сияқты бөлімдерден тұрады. Кербалада комитеттерді бақылау міндеті консулдықтың басшысына жүктелген» деді.
Хижри қамари күнтізбесі бойынша 1439 жылдың сафар айының жиырмасы, милади жыл санағы бойынша 2017 жылдың қараша айының тоғызы – шәһидтердің жетекшісі, шиіттердің үшінші имамы хазірет имам Хосейннің қырқының жылдығы. Жыл сайын ирандық көптеген зияратшы Хосейннің қырқы – «Арбағин» рәсімдеріне қатысу үшін Ирактың Кербала қаласына барады.