Біріккен Араб Әмірлігінің лауазым иесі Иранға қатысты теріс пікір білдірді
(last modified Tue, 07 Nov 2017 08:31:46 GMT )
Қар 07, 2017 14:31 Asia/Almaty
  • Біріккен Араб Әмірлігінің лауазым иесі Иранға қатысты теріс пікір білдірді

Біріккен Араб Әмірлігі үкіметінің Сыртқы істер жөніндегі кеңесші министрі Йемен армиясы мен халықтық күштерінің Риядға жасаған зымырандық шабуылын сылтауратып: "Бұл шабуылға Иранның қатысы бар",- деген уәж айтты.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Анвар Қарқаш дүйсенбі күні кешке Сауд Арабиясы  басқарған шапқыншы коалицияның шабуылында Йеменнің жазықсыз мыңдаған азаматының қырылғанына және йемендік күштердің зымыранының сол шабуылға берілген жауап болғанына тоқталмастан: "Біріккен Араб Әмірлігі  еш уақытта Иранның қоқан-лоққылары мен зымырандық қатерінің қысымын қабылдамайды. Йемендік күштердің Риядқа қарай баллистикалық зымыран атуына Иранның қатысы бар. Арабтар бұл зымырандардың төндіретін қатерін қабылдай алмайды",- деді.

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейр де елінің аймақтағы тұрақсыздық пен тынышсыздықтардың негізгі факторы болып отырғанына қарамастан дүйсенбі күні: "Сауд Арабиясы өзін Иранның араласушылықтарына дер уақытында орынды жауап беру құқығына ие санайды",- деді.

Сауд Арабиясы министрінің бұл уәждері өз мемлекеті аймақта соғыстар ашып, зорлық-зомбылық жасап, тұрақсыздықтарға себеп болатын арандатушы әрекеттермен айналысып отырған жағдайда айтылуда.