Башар Асад: Иранға қарсы ұстанымды күшейту лаңкестердің жеңілістерімен байланысты
Сирия Президенті ИИР-на қарсы дұшпандық ұстанымның күшейтілуін Сирия мен Ирактағы лаңкестердің жеңілістерімен байланыстырды.
Сирия Президенті Башар Асад сейсенбі күні Дамаскте Ислам рволюциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Әлиакбар Велаятимен кездесуінде Таяу Шығыс аймағы мен Батыстың кейбір мемлекеттерінің Иранға қарсы ұстанымдарын күшейтуі мен аймақтағы басқа елдерде тұрақсыздық орнату әрекеттерін Сирия мен Ирактағы лаңкестердің жойылуымен байланыстырып: "Сирия армиясы мен одақтастарының соғысы тек лаңкестерге ғана қарсы емес, сонымен қатар лаңкестікті пайдаланып, бұл құбылысты елдерді бөлшектеп, оларды әлсіретуді көздеп отырған талпыныстарға да қарсы",- деді.
Әлиакбар Велаяти де бұл кездесуде: "Сирияға қарсы шамамен жеті жыл бойы жүріп жатқан соғыстағы сириялықтардың табандылығы мен жанкештілігі Сирияның саяси тұрақтылығы мен қауіпсіздігін орнату үшін үлкен көмек болды. Қарсыласу шебі, яғни Иран мен Ирак, Сирия мен Ливан шындық жағында. Бұл мемлекеттердің қасында Ресей тұр",- деді.