Иран Мәжілісінің төрағасы: Аймақ халықтары толық саяси қырағылыққа ие
(last modified Wed, 22 Nov 2017 17:11:04 GMT )
Қар 22, 2017 23:11 Asia/Almaty
  • Иран Мәжілісінің төрағасы: Аймақ халықтары толық саяси қырағылыққа ие

Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің төрағасы аймақ халықтарының Американың сұрқия әдістерін залалсыздандыру үшін қажет күшке қол жеткізгенін және толық саяси қырағылыққа ие екендіктерін қуаттады.

Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани Стамбулда өткен Азия парламенттік ассамблеясының самитында ДАИШ лаңкестік тобы мен сұм ағымның жеңіліс табуымен әлемнің барлық азаттық сүйгіш халқын құттықтап: «Осы күрес майданында Ливан Хезболласын қарсыластықтың нағыз ағымы ретінде мадақтау керек» деді. Лариджани Сирия, Ливия, Ирак, Ауғанстан мен Йемендегі күнәсіз мыңдаған адамның өлтіріліп, жараланып, миллиондаған адамның босқынға айналуына тоқталып, соның барлығын лаңкестік пен экстремизм құбылысының салдарлары, Американы аймақтағы барлық лаңкестік әрекеттердің қолдаушысы деп атады.