Лариджани: Ауғанстанда лаңкестікпен күресте халықтық күштерді пайдалану қажет
(last modified Fri, 24 Nov 2017 03:44:59 GMT )
Қар 24, 2017 09:44 Asia/Almaty
  • Лариджани: Ауғанстанда лаңкестікпен күресте халықтық күштерді пайдалану қажет

Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің төрағасы Ауғанстанда лаңкестікпен күресте халықтық күштерді пайдалану қажеттігін қуаттады.

Мәжілістің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сәрсенбі күні кешке Стамбұлда Азия Парламенттік ассамблеясының 10-шы отырысы аясында Ауғанстан Мәжілісінің төрағасы Абдолла Рауф Ибрахимимен кездесуінде ИИР-ның Ауғанстан мен аймақта тұрақты қауіпсіздік орнатуға мүдделі екендігін мәлімдеді. 

Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің төрағасы лаңкестік топтарды батыстық алпауыттардың қолындағы құрал деп атап: "ДАИШ-ке қарсы коалиция тек бір ұран деңгейінде ғана қызмет етті. Алайда бұл елдер ДАИШ-ті қолдап, елдердің артта қалуына себеп болды" деді. 

Абдолла Рауф Ибрахими де АҚШ-тың тек сырт көзге ғана ДАИШ-ке қарсы соғыс жариялағанын, шынтуайтында тек аймақта жанжал тудыруды ғана көздейтінін мәлімдеп: "Ауғанстан әскери-әуе құрал-жабдықтары тұрғысынан қиындықтарға тап болып отыр. Америкалықтар қалаған уақыттарында ДАИШ-пен соғысысып, кейде оларға көзжұмбайлық танытады. Көршілес елдер Ауғанстан үкіметінің лаңкестікпен күресуіне көмектесу үшін осы елмен әріптестік жасауы керек" деді.