ЮНИСЕФ: Әрбір 10 минутта бір йемендік бала қайтыс болады
БҰҰ-на қарасты Балалар қоры (ЮНИСЕФ) сенбі күні Йеменнің астанасы Сананың әуежайына 1,9 млн мөлшер вакцина тиеген ұшақтың қонғанын хабарлап, әрбір 10 минутта бір йемендік баланың қайтыс болатынын мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, 1,9 млн мөлшердегі вакцина Йеменнің түкпір-түкпіріндегі 600 мың балаға арналған. Сол арқылы йемендік балалардың дифтерия, көкжөтел және туберкулез сияқты ауруларға иммунитет пайда болады.
Халықаралық қысымдардан кейін Сауд Арабиясы сенбі күні соңғы бір айда бірінші рет қажет көмектің енуіне, соның ішінде дәрі-дәрмек тиеген 4 ұшақтың Йеменнің Сана әуежайына қонуына рұқсат берді.
Соңғы апталарда көптеген елдер мен халықаралық ұйымдардың басшылары Йеменде гуманитарлық апаттың туындауына қатысты ескерту жасады.